{metadescription}
Атырауда жер үй өртеніп кетті

Атырауда жер үй өртеніп кетті

Өрт 12 желтоқсан күні түнде сағат 01:12 кезінде Контейнерная көшесіндегі жер үйде болған.

«Өрттің аумағы 120 шаршы метрді құрайды. Өрттің себеп-салдары анықталуда. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 03:45 шамасында сөндіріліп бітті», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 3 өрт сөндіру техникасы және 13 адам жұмылдырылды. 

Дереккөз: sn.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде