{metadescription}
Алдағы күндері елімізде күн жылынады

Алдағы күндері елімізде күн жылынады

Ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 3...13°С-ке жоғарылайды.

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік аймағынан атмсофералық фронттармен қатар циклон жылжиды. Соған байланысты қар жаууы ықтимал. 13-15 желтоқсанда Қазақстан аумағында ауа температурасы жоғарылайды, бірақ тұман мен көктайғақ сол күйі қалады.

Ал, оңтүстікте - нөсер, қар аралас жаңбыр жауады және тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндізгі ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 3...13°С, солтүстік және шығыс облыстарда минус 3...13°С-қа дейін көтеріледі. 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде