{metadescription}
Страсбургтегі атыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Страсбургтегі атыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Страсбургтің көшелерінде болған атыс кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Француз полициясының алдын ала мәліметіне қарағанда, Страсбург қаласында орын алған атыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Францияның Страсбург қаласының орталығы Клеберде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жақын маңда болған атыс салдарынан адамдар көз жұмды.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде