{metadescription}
Аударылған көліктен қашқан әйел ажалдан аман қалды

Аударылған көліктен қашқан әйел ажалдан аман қалды

Вьетнамның солтүстік шығысындағы Куангнинь провинциясында болған апат көліктердің бірінің регистраторына түсіп қалған.

Онда жүк көлігінің жүргізушісінің қабаттаса келе жатқан фургонды басып озбақ болған кезде рульге ие бола алмай қалғаны көрсетілген. Машина жолды бөліп тұрған қоршауды бұза-мұза қарсы жолаққа шығып кетіп, үш көлікті соғады. 

Тап осы кезде жол бойындағы автомобильдердің жанында балалы әйел тұрған. Ол мұны көре сала баласын ала қашты. Дер кезінде үлгергендіктен әйел көлік астына түспей аман қалды. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде