{metadescription}
Түркістан облысында ер адамның бетіне түкірген полицей жұмысынан қуылды

Түркістан облысында ер адамның бетіне түкірген полицей жұмысынан қуылды

Екі азамат арасындағы кикілжіңнің сәті ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен.

Әлеуметтік желіде азаматтық киімдегі полиция қызметкерінің белгісіз бір жігіттің шашынан ұстап ұрып, бетіне түкірген видеосы жарияланып, қызу талқыланған болатын. Анықталғандай, желіде шуға айналған видеода қорлық көрсетіп жатқан азамат Шардара АІІБ ЖПП взвод командирі екені анықталған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың хабарлауынша, Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкері іс-әрекетіне байланысты жұмыстан босатылды. Оның үстінен қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалған.  Ер адамдардың осындай әрекетке баруына қызғаныш себеп болғаны айтылады.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде