{metadescription}
Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді

Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді

Бүгін, 14 желтоқсан күні түнде қазақстандық KazSTSat микрожерсерігінен ғарышта түсірілген алғашқы сурет алынды.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 4 желтоқсанында Астана уақытымен 00 сағат 32 минутта Калифорниядағы Ванденберг базасынан Falcon 9 Block 5 зымыран-тасығышы ұшырылды. Ол зымыран-тасығыш орбитаға шағын спутниктер мен кубсаттарды алып шықты.

Ұшырылған қазақстандық екі ғарыш аппаратының біреуі - KazSTSAT - салмағы 100 келілік технологиялық маңызды спутник. Шағын спутник SSTL-X50 алаңында құрастырылған. Орбитаның биіктігі - 542 шақырым. Спутникті 2015 жылдан бастап SSTL (Surrey Satellite Technology Ltd) ағылшын компаниясының базасында «Ғалам» бірлескен компаниясындағы қазақстандық мамандар құрастырған.

Қазақстанның екінші ғарыш аппараты - салмағы 5 келілік KazSciSat 1 кубсаты. Оны «Ғалам» бірлескен компаниясы (LLP Ghalam) құрастырған. Ғылыми наноспутник Жердің магниттік аумағын өлшеуге арналған. Оңтүстік Америка аумағының үстімен ұшып өткен KazSTSat Аргентинаның оңтүстігіндегі ірі кемежай - Рио-Гранде қаласын суретке түсіріп алған. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде