{metadescription}
Теңізден шыққан сүңгуіршінің бұлшықеті мен кеудесі ісіп кетті

Теңізден шыққан сүңгуіршінің бұлшықеті мен кеудесі ісіп кетті

Сүңгіруші теңіз түбінен шұғыл көтерілем деп денсаулығына нұқсан келтірді.

Алехандро Рамос теңізде 30 метр тереңдікте жұмыс істеген. Жүк кемесінің тыныс алу үшін жасалған түтікшесіне зақым келгендіктен сүңгуірші су бетіне шұғыл шықпақ болады. Сүңгуірші тез жүзгенде декомпрессионды ауруға шалдығу қаупі бар. Адам ағзасының қан мен тіндердегі газ қанайналымын бітеп, тор қабатын бұзып, қанайналымын әлсіретеді. Бұл жағдайда адам өліп кетуі ғажап емес. Рамос тірі қалды, бірақ 30 келі салмақ қосып алды. Бұлшықеті мен кеуде тұсы ұлғайып кетті.

Осыдан соң сүңгуірші адам көзіне көрінбей, өзіне қол салуды ойлаған. Ақшасы болмағандықтан дәрігерге қарала алмады. Кейін Лимада дәрігер қарап көрді. Мамандардың айтуынша, бұл жағдай Рамостың май тініндегі азот түйіршектері әсерінен болған. Оған ұзақ уақыт ем алып, пластикалық ота жасатуға тура келеді. 2008 жылы Ұлыбританияның теңіз күштері бірнеше жыл қатарынан декомпрессионды ауруға ешкілерді пайдаланып келген. Ешкілердің басы адам бас құрылысына ұқсағандықтан осы жануар таңдалған.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде