{metadescription}
Қазақстандық боксшы қарсыласын 82 секундта ұйықтатты

Қазақстандық боксшы қарсыласын 82 секундта ұйықтатты

20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби аренадағы алғашқы жекпе-жегін биыл бастаған еді.

Жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіби бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол Канададағы Эдмонтонда өткен жекпе-жекте мексикалық 29 жастағы Элиуд Мелендез Рочты 82 секундта нокаутқа түсірді.

Ахмедов осымен 2018 жылы қатарынан алтыншы кездесуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. 20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби аренадағы алғашқы жекпе-жегін биыл бастаған еді. Әуесқой бокста Жастар арасындағы әлем чемпионатының 2016 жылғы чемпионы атанған еді. Қазір оның мүддесін канадалық  Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы қорғайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде