{metadescription}
ФОТО: Португалияда медициналық тікұшақ құлады

ФОТО: Португалияда медициналық тікұшақ құлады

Бортта екі ұшқыш, дәрігер және медбике болған.

Қолайсыз ауа-райы салдарынан апат болды. 16-желтоқсанда Португалияда болған медициналық Agusta A109S ұшағының апатқа ұшырауы нәтижесінде төрт адам қаза болды.

Құтқарушылар апат кезінде тікұшақ сынықтарын тапқан.

«Ұшақ түнгі 1.30-да  табылды. Серра де Пиаштан әуе көлігі табылды, төрт адам қаза болды. Ұлттық институт құрбандардың отбасына шынайы көңіл білдірді», - делінген хабарламада.

Апаттың қолайсыз ауа-райы жағдайында болғаны айтылды. Апаттың нақты себептері әлі белгісіз. Тікұшақ 76 жастағы жүрек ұстамасы бар әйелді ауруханаға жатқызып, кері қайтар жолында Браганса ауданында жоғалып кеткен. Бортта екі ұшқыш, сондай-ақ дәрігер мен медбике болған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде