{metadescription}
Діни рәсім кезінде 11 адам күріш жеп, көз жұмды

Діни рәсім кезінде 11 адам күріш жеп, көз жұмды

Полицияның ақпаратынша, ғибадатхананың маңынан өлген иттер мен қарғалар да табылған.

Үндістандағы ғибадатханада қызанақ қосылған күріш жеген он бір адам көз жұмды, 90-нан астамы ауруханаға түскен. Үндістанның Карнатака провинциясында ғибадатханаға келген он бір адам қаза болды. Олардың барлығы қызанақ қосылған күріш жеген. Көз жұмғандардың арасында екі бала да бар. Бұған қоса, астан уланған 90 адам ауруханаға жатқызылды.

Полицияның ақпаратынша, ғибадат маңынан өлген иттер мен қарғалар да табылған. Жауап алу үшін әзірге екі адам ұсталды. Үндістанның бұқаралық ақпарат құралдары жаппай улануға жергілікті шаруалардың пестицидтерді қолдануы себеп болуы мүмкін деп топшылап отыр. Алайда полиция бұл гипотезаны растаған жоқ, сараптама нәтижесін күту керек екенін мәлімдеді. 

2013 жылы Үндістанның Бихар штатында жаппай улану кезінде 23 оқушы көз жұмған болатын. Бұл іс сол күйі ашылған жоқ, алайда полиция балалардың өліміне пестицидтерге арналған контейнерде сақталған сұйық май себеп болуы мүмкін деп санайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде