{metadescription}
Өзбекстанда жас келіншек өзін өртемек болған

Өзбекстанда жас келіншек өзін өртемек болған

14 желтоқсанда Ташкент облысы Кибрай әкімшілігі алдында 29 жастағы Назима Эргашева өзіне өрт қойған.

Куәгерлердің сөздерінше, әйел үйінде газды негізсіз өшіріп тастады деп жергілікті әкімшілікке шағымданған. Бірақ билік өкілдері оған қарыз төленген кезде ғана көгілдір отын қайта беріледі деген.

«Осыдан кейін әйел бөтелкеге құйып әкелген бензинді үстіне құйып, өрт қойды. Жанында тұрған адамдар дер кезінде сөндіріп үлгерді», - дейді куәгердің бірі.

Кибрай аудандық ұжымдық қадағалау тобының маманы Холмурад Раббанаев жас келіншек өзін емес, қабылдау өтіп жатқан залды өртемек болды дейді. "Ол қолындағы бөтелкені залға қарай лақтырып жіберді. Бөтелкеде бензин емес солярка болды. Сұйықтық қолына тиіп, күйік шалды", – дейді Холмурад Раббанаев.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.