{metadescription}
«Не болғанын сезген жоқпын»: Шымкентте жүргізуші әйелді қағып, 200 метрге сүйреп әкеткен

«Не болғанын сезген жоқпын»: Шымкентте жүргізуші әйелді қағып, 200 метрге сүйреп әкеткен

Көлік астына түскен 1973 жылғы әйел комада жатыр.

Ер адам көліктің астына қысылып қалған жаяу жүргіншіні байқамаған. Жантүршігерлік жол апаты 17 желтоқсанға қараған түні Шымкенттегі Тәшенов көшесінде болды. 

Mercedes жүргізушісінің айтуынша, ол қатты жылдамдықпен келе жатып, жолдан біреудің өткенін байқамаған. Тек 200 метр жүрген соң ғана, көліктің қозғалысына бір нәрсе кедергі келтіріп отырғанын сезген. Тоқтап, екі жолаушымен бірге машинаны домкраттың көмегімен көтеріңкіреп, қысылып қалған әйелді алып шыққан. 

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1973 жылғы әйелді ауруханаға жеткізіп, оған шұғыл ота жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, әйел комада жатыр. Полицейлер оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын және оған кім кінәлі екенін анықтауға кірісті.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде