{metadescription}
Астана әуежайында ондаған рейс уақытынан кешігуде

Астана әуежайында ондаған рейс уақытынан кешігуде

Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайда ауа райының қолайсыздығына байланысты ондаған ұшақ уақытынан кешігуде.

Атап айтқанда, ұшуы тиіс 7 рейс пен қонуы тиіс 5 рейстің жолаушылары діттеген жеріне уақытылы бара алмайтын болды. Әуежайдағы онлайн-таблода көрсетілгендей, Шымкент-Астана, Ереван-Астана, Алматы-Астана (2 рейс), Жезқазған-Астана және Варшава-Астана бағытында ұшатын ұшақтар елордаға кешігіп келеді. Кешігу уақыты 4,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Астанадан Ереванға, Алматы мен Ақтөбеге және Жезқазғанға ұшуы тиіс ұшақтар да әуеге кеш көтеріледі. Кешігудің нақты себебі ресми хабарланған жоқ, десе де Астанада қазір тұман және қар жауып жатыр.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде