{metadescription}
Алматыда жолаушылар мінген шағын автобус өртеніп кетті 

Алматыда жолаушылар мінген шағын автобус өртеніп кетті 

Көлік жүргізушісі өртті өз бетінше өшіре алмаған.

Алматыда Volkswagen Caravella маркалы шағын автобус өртке оранды. Қалаға қарай бет алған жолаушылар көлігі «Алтын Орда» базарының тұсына келген уақытта салон іші түтіндей бастаған. Түтіннің машина капотынан шығып жатқанын байқаған жүргізуші жолаушыларды көліктен шығарып, өртпен өз бетінше күреспек болған.

Алайда, оған өрт сөндіргіш құрал да көмектесе алмаған. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері өртті сөндірді. Әйткенмен, автобус тоық жанып кетті. Жүргізуші мен жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Дереккөз: baq.kz

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде