{metadescription}
Ақтауда үйдің жертөлесінен адам сүйектері табылды

Ақтауда үйдің жертөлесінен адам сүйектері табылды

Ақтауда пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары үйдің жертөлесінен адамның сүйектерін тапты.

Оқиға 12 желтоқсан күні шамамен таңғы сағат 08:00-де болған. "Ғалия" пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары 7-ші шағын аудандағы №8 үйдің жертөлесін тазалап жатып, адамның сүйектерін тауып алған. Олар бірден оқиға орнына полиция шақырады. 

Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Еске сала кетсек, Ақтауда шілде айында қоқыс контейнерінен ер адамның денесі табылған еді. Сондай-ақ, үйлердің бірінен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған болатын.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

24 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде