{metadescription}
Алматыда жантүршігерлік жол апатында жүргізуші көз жұмды

Алматыда жантүршігерлік жол апатында жүргізуші көз жұмды

Алматыда көлік апаты салдарынан ер адам қайтыс болды. 

Алматыда Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшесі қиылысында жол апаты салдарынан кісі қаза тапты. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Renault Сүйінбай даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізуші Баянауыл көшесіне солға бұрылады. Сол кезде Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта Mitsubishi Pajero келе жатыпты. Қиылысты екі көлік соқтығысты.

Қатты соққыдан Renault тағы 70 метр жүріп өткен. Pajero оңға қарай ұшып кетіп, бордюрге шығып, билбордқа соғылған соң, тротуармен жүріп өтіп, бағананы бір-ақ қақты. Жол апаты салдарынан Renault рөлінде болған 1960 жылғы ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Жол полициясы көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде