{metadescription}
Түркістан облысында бір отбасының 3 адамы газдан уланып көз жұмды

Түркістан облысында бір отбасының 3 адамы газдан уланып көз жұмды

Түркістан облысында газдың иісінен бір отбасындағы 3 адам көз жұмды.

Қайғылы жағдай Сарыағаш ауданындағы Қабланбек ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Газ таратушы мекеменің хабарлауынша, 18 желтоқсан күні бір үйден үш адамның мәйіті табылған. 

«Газдың иісінен уланып, Рустемов  Бахтияр (1960 ж.т), Рустемова Алтынай (1961ж.т) және Рустемов Марат (1989 ж.т) көз жұмған. Оқиға орнына жеткен авариялық құтқару бригадасы асханада орнатылған үй жылыту пешінде ахауды анықтады. Пештің түтін шығаратын мұржасын бояу банкасымен жауып қойғаны белгілі болды. Жылыту қазандығының тартқыш сенсоры ажыратылғандықтан иіс ішке тараған. Оның үстіне техникалық қызмет көрсету  келісімшарты да жасалмаған болып шықты. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себеп-салдары жан-жақты тексерілуде» делінген хабарламада. 

Дәл осындай қайғылы жағдай Шымкент қаласында да тіркелді. 18 желтоқсан күні жекеменшік үйлердің бірінде газдың иісінен уланған 36 жастағы келіншек көз жұмды. 

«Түнгі сағат 23:27-де оқиға орнына келген авариялық құтқару бригадасы жуыну бөлмесінде су жылытқыш пештің орнатылғанын, оның иіс шығаратын мұржасы дұрыс жұмыс істемегенін анықтаған. Оның үстіне бөлменің терезесі де жабық тұрғаны анықталды. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себеп-салдары тексеріліп жатыр» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында   жылыту маусымында пештердің талапқа сай орнатылмауы мен дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан 32 адам мерт болса, оның 8-і бала болған. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде