{metadescription}
Миллионер кедейлерге аспаннан ақша жаудырды

Миллионер кедейлерге аспаннан ақша жаудырды

Жас жігіт қайырымдылығы үшін абақтыға қамалуы мүмкін. 

Гонконг полициясы қаланың ең кедей ауданына ақша шашқан бизнесмен Вонг Чинг Китті ұстады. Желіде тараған видеода 24 жастағы жігіттің Lamborghini көлігімен үйлердің біріне келіп тоқтағаны көрінеді.

Осыдан кейін ол көлігінен шығып, көшедегі адамдардан "аспаннан ақша жауатынына сенесіздер ме?" деп сұраған. Кейін оның артындағы үйдің төбесінен шынымен ақша "жауа бастаған".

Полиция ер адамды қоғамды тәртіпті бұзды деп айыптап отыр. Енді ол ірі көлемде айыппұл төлеп, бір жыл түрмеде отыруы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, сол күні көшеге 100 миллион Гонконг долларына жуық ($12,79 млн) ақша шашылған. Бірақ полицияның есебінше, аспаннан жауған ақша сомасы – 6 мың Гонконг долларына жуық ($767).

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде