{metadescription}
14 жастағы оқушы тікелей эфирде өзіне қол жұмсаған

14 жастағы оқушы тікелей эфирде өзіне қол жұмсаған

14 жастағы мектеп оқушысының денесі Мәскеу қаласының шығысындағы тұрғын үй алдынан табылды.

Биік ғимараттан құлаған бала өлерінен бірнеше секунд бұрын телефон арқылы тікелей эфир жүргізген. Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Акромның (есімі өзгертілген) әкесі - Өзбекстан азаматы (қазір отанында тұрады), анасы – Ресей азаматы, кассашы болып жұмыс істейді.

Арнайы қызмет мамандарының айтуынша, отбасы Өзбекстан мен Ресей арасында үнемі көшумен болған. Отбасындағы жалғыз бала бірнеше мәрте мектеп ауыстырған. Қазір отбасы Мәскеуде пәтер жалдап тұрады, анасы көп уақытын жұмыста өткізеді. Оқушы бос уақытында компьютердік ойындар ойнайды. 16 желтоқсанда кешке ол тұрғын үйлердің бірінің 16-қабатына көтерілген. Сол жерден ол әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан.

Тинейджер өмірден шаршағанын айтып, достарына қайырылған. Тікелей эфирді екі адам көрген. Біреуі оқушыға бұлай жасамауын өтінсе, екіншісі оған қарсы ұстанымда болған. Тікелей эфир үш минутқа ғана созылған. Бірнеше секундтардан соң оқушы ғимараттан секіріп кеткен.

Дереккөз: centralasian.org

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде