{metadescription}
Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытында жарылыс болды

Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытында жарылыс болды

Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытындағы жаралыс салдарынан екі адам аурухана жатқызылды.

«Бүгін таңертеңгі сағат 08-27-де Жамбыл облысының Жамбыл ауданына қарасты Асы ауылында, «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалының аумағындағы УПН-100 ғимаратында мұнай қыздыруға арналған пешін іске қосу барысында түтін шығатын құбырда газ қоспасы тұтанып, соның салдарынан аумағы 8 шаршы метрді құрайтын аумақтағы мұнай қалдықтары өртенді.  Сағат 08-39-да өрттің алды алынып, 08-08-де сөндірілді», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оның сөзіне қарағанда, жарылыс салдарынан өлшеуіш құралдарды бақылаушы 2 адамды күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жаумен жергілікті төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің 6 жұмысшысы мен 2 техникасы көмекке келді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде