{metadescription}
Филиппинде дауыл құрбандарының саны 85-ке дейін өсті

Филиппинде дауыл құрбандарының саны 85-ке дейін өсті

Көптеген жағдайларда, адамдар қатты жаңбырдың әсерінен құлаған үйлердің астында қалып қойған.

Филиппинде болған  көшкін салдарынан пайда болған дауыл мен су тасқынынан зардап шеккендердің саны 85-ке дейін өсті. Айта кету керек, тағы 20 адам жоғалып кеткен.

Ұлттық апат агенттігінің басшысы Рикардо Джаладтың айтуынша, көп жағдайда адамдар қатты жаңбырдан кейін құлаған үйлердің  астында қалып қаза болды. Құрбан болғандар арасында кішкентай балалар бар. Қатты зардап шеккен провинциялар - Бикол және Шығыс Висайи.

«Егер жоғалып кеткендерді таба алмасақ немесе олардың денесін таппасақ, құрбандардың саны 105-ге артады», - деді Джалад.

Орташа алғанда, Филиппинде жыл сайын шамамен 20 тайфун болады. Осылайша 2013 жылы Хайян тайфуны нәтижесінде қайтыс болған және жоғалғандар саны 7400 адамға жеткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде