{metadescription}
Қызылордада полиция қызметкерін ұрған 3 жігіт сотталды

Қызылордада полиция қызметкерін ұрған 3 жігіт сотталды

Қызылордада полиция қызметкеріне қол жұмсаған үш жігіт бас бостандығынан айрылды.

Аталмыш оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болған. Бір-бірін бұрыннан танитын 29 жастағы үш жігіт Қызылорда қаласындағы кафелердің бірінде сыра ішеді. Сыраға әбден қызып алған үшеуі үйлеріне қайту үшін сол маңда тұрған такси жүргізушісіне келеді. Одан үйлеріне тегін жеткізіп салуды сұрап, дөрекілік танытады. Бұл уақытта учаскелік полиция қызметкері сол маңда жүрген еді. Тәртіп сақшысы дөрекілік көрсеткен үшеудің сабырға келіп, ешқандай артық әрекет жасамауын сұрайды. Полиция қызметкерінің бұл талабына бағынбаған әлгі үшеу оған қоқан-лоқы көрсетіп, балағаттайды. Тіпті, тәртіп сақшысына қол жұмсайды. Соққыдан құлай қоймаған учаскелік полиция қызметкерін тағы біреуі қылғындырады. Осылайша үшеуі полицияны жерге құлатады. Оған қол жұмсауын жалғастырады. Полиция қызметкері әріптестеріне тәртіпсіздіктің орын алғанын хабарлап үлгереді.

«Аталмыш қылмыстық оқиға Қызылорда қалалық №2 сотында қаралды. Бұл қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Жәбірленушінің бетінен тепкен жігіт жеті айға бас бостандығынан айрылды. Қалған екеуіне алты айға бас бостандығын айрылу жазасы тағайындалды. Олар өз кінәларын мойындады. Екеуінің бұрын соттылығы болған», - деді Қызылорда қалалық №2 сотының төрағасы Айбек Әбу. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде