Геннадий Головкин тағы бір сәби күтіп отыр
Мәліметтер бойынша, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин мен оның жұбайы Алина үшінші сәбиін күтіп жүр.
13:42 03.01.2019
Айта кетейік, Головкин отбасы ұлы Вадим (2009 жылғы, сәуір айы) мен бір қызды (2017 жылғы, қыркүйек айы) тәрбиелеп отыр. Оның айтуынша, сәби осы айда дүниеге келуі тиіс. Ұлы Лос-Анджелесте хоккеймен айналысуда.Әкесінің жаттықтырушысы Абель Санчес GGG-дің ұлының да болашақта атақты ойыншы болуына барлық мүмкіндік бар дейді. Қазіргі таңда Геннадий уақытын отбасымен бірге өткізіп, әлеуетті телесеріктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр. GGG рингке 2019 жылдың көктемінде оралуы мүмкін.