{metadescription}
Ауғанстанда теракт болып, 21 полицей қаза тапты

Ауғанстанда теракт болып, 21 полицей қаза тапты

«Талибан» содырлары Ауғанстанның оңтүстігіндегі қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасап, 21 полицей қаза тапты.

Оқиға Багдис провинциясының түрлі бөлігінде орналасқан тексеру пунктерінде болған. Бұл пунктер Түркіменстанмен шектеседі. Багдис провинциясы кеңесінің басшысы Абдул Азиз Бектің айтуынша, содырлармен атыс кезінде 14 полицей және 7 әскери қаза тапқан, 9 адам жараланған.

Жергілікті билік дерегінше, сонымен бірге қарсы тараптан кемінде 15 «Талибан» содыры өлген, 10 адам жараланған. Шабуылды «Талибан» қозғалысы мойнына алды. «Талибанның» ресми өкілі Қари Юсуф Ахмади арнайы мәлімдеме таратып, 34 сарбаздың өлгенін, «Талибанның» көп қару-жарақтар мен оқ-дәрілерге ие болғанын айтты.

«Талибан» мен АҚШ ресми орган өкілдерінің кездесуі осы айға белгіленген. Олар кездесуде Ауғанстаннан шетел әскери күштерін шығару, атысты тоқтату мәселесін талқылайды деп хабарланған. Ауғанстанның ресми билік өкілдері мен «Талибан» өкілдері 17 жылға созылған соғысты тоқтату мәселесін талқылау үшін соңғы бірнеше айда кемінде үш рет кездескен.

Бұған дейін АҚШ Ауғанстаннан осы елде орналасқан әскердің жартысы - жеті мың сарбазды шығару ниеті барын мәлімдеген. Кейбір сарапшылар АҚШ Ауғанстаннан жарты әскерін алып кетсе, елдің қауіпсіздігі әлсірейді, «Талибанмен» бейбітшілік келісімін де құрдымға апаруы мүмкін деп болжайды.

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.