{metadescription}
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты.

Батыс облыстарда күн жылып, қалған өңірлерде қайта суытады. Орталық Азия аумағынан жылжитын циклонның әсерінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ және тұман болады, ал шығыста қар, бұрқасын және қатты екпінді жел болжанып отыр.

Ауа температурасы алдағы тәуліктерде жоғарылайды, бірақ 11 қаңтарда төмендей бастайды, әсіресе Қазақстанның шығысында күн суытады. Мұнда түнде аяз тағы да 30…37 градусқа дейін күшейеді. 

Республиканың солтүстік және орталық облыстары жоғары атмосфералық қысымның аумағында болатындықтан, кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде 28…35 градусқа дейін аяз болады. Батыс облыстарда қысқа мерзімді суытудан кейін температура жоғарылап, қар және көктайғақ болады. 

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

08 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде