{metadescription}
Олимпиада чемпионын бапкері төрт жыл бойы зорлап келген

Олимпиада чемпионын бапкері төрт жыл бойы зорлап келген

Оңтүстіккореялық шорт-трекші Сим Сок Хи бапкері Чо Чже Бомды өзін зорлады деп айыптады. 

Спортшының айтуынша, бапкері оны 17 жасынан бері зорлап келген. Бойжеткенге көрсеткен зорлық-зомбылық әрекеттер тек 2018 жылы қаңтарда өткен Пхенчхандағы олимпиададан бір ай бұрын ғана тоқтағанын мәлімдеді.

21 жастағы Сим Сок Хиді соққыға жығып, зорлық көрсеткен Чо же Бом 10 айға қамауға алынуға тиіс болған. Алайда бапкер бұл шешіммен келіспей, сот үкіміне шағым түсірген. Бұған дейін де, Чо Чже Бом қарамағындағы спортшыны ұрып-соқты деп айыпталған екен. 

Адвокат Чо Чже Бомның азғындық әрекетті мемлекеттік жаттығу орталықтарында да жасағанын мәлімдеді.Заңгер спортты басқарудың қазіргі жүйесінде жас спортшылар жеткілікті деңгейде қорғалмағанын атап өтті. Айта кетейік, Сим Сок Хи — екі дүркін Олимпиада чемпионы. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.