{metadescription}
Екі қабатты үйден өрт шығып, анасы мен баласы күйіп қалды

Екі қабатты үйден өрт шығып, анасы мен баласы күйіп қалды

Түркістанда екі қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан.

Салдарынан  анасы мен баласын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Облыстық ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай 9 қаңтар күні 17:04 шамасында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үйдегі  50 литрлік газ баллонының ақауынан газ-ауа қоспасы жарылды. Артынша өрт болып, оны сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 17:20-да ауыздықталып, 17:35-те сөндірілді. 1993 жылы туған келіншек пен 2017 жылы туған бүлдіршін ауруханада ем қабылдап жатыр» делінген хабарламада.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.