{metadescription}
Жол ережесін 555 рет бұзған астаналыққа 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Жол ережесін 555 рет бұзған астаналыққа 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Астана жолдарында жүрген 30 жүргізушінің айыппұлы миллиондаған теңгені құрады.

Оларды полиция іздеуде. Айыппұлдардың жалпы сомасы 106 858 960 теңгені құрады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ең көп айыппұл - 6 225 405 теңге. Ол Kia Rio және Škoda маркалы екі автокөлікке бір нөмірмен жүрген жүргізушіде. 

«​Астанада өткен жылдың сәуір айынан бастап Полиция департаменті «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар шеңберінде Астана аумағында, сондай-ақ барлық «Рубеж» бекеттерінде көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйесін, электрондық планшеттерді және «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлер анықталды. Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде базада жоқ, жалған немесе шетелдік нөмірлер мен жалған мекен-жай көрсетілген 800-ге жуық жүргізуші тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті жалған немесе шетелдік нөмірлермен жүретін және өзін жазасыз сезінетін тәртіп бұзушыларды анықтауда. Астанада өткізілген кешенді іс-шаралардың арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға, ЖКО-да жараланғандардың саны 16%-ға азайды және жолдардағы өлім-жітім екі есе азайды (48 %).

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.