{metadescription}
Шымкенте әжей жындарды қуамын деп үйін өртеп жіберді

Шымкенте әжей жындарды қуамын деп үйін өртеп жіберді

Шымкент қаласында 85 жастағы қария пәтеріндегі жындарды отпен қуамын деп үйін өрттеп алды.

Оқиға Шымкент қаласының А.Асқаров көшесінде орналасқан жатақханада болған. 85 жастағы зейнеткер пәтеріндегі "жын шайтандарды" отпен қумақ болыпты. Оның соңы өртке ұласқан.

Көршілері дер кезінде өрт сөндірушілерді шақырыпты. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері де жеткен. Зейнеткерге алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға алып кеткен. Көршілерінің айтуынша, қарт әжей психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен.

Медқызметкерлер әжейге алғашқы көмек көрсетті. Соңынан әжейді арнайы емханаға алып кетті. Тілсіз жау 1 шаршы метр аумақты шарпыған. Шкаф өртке оранған. Соның салдарынан пәтер ішін түтін тұмшалаған. Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Дереккөз: otyrar.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.