{metadescription}
Сүлейменов жиенін қаққан Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады

Сүлейменов жиенін қаққан Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады

Елордада өткен апеляциялық сотта Олжас Сүлейменов Малика Мұқитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады.

«Денсаулығымызға байланысты жұбайым екеуіміз жәбірленуші тарап ретінде сотқа қатыса алмаймыз. Бірақ біз жалғыз немеремізден айырылдық, сондықтан жәбірленушіміз. Мұнымен сот та, миллиондаған қазақстандықтар да келіседі. Қиын сәтте адамдар дінге жүгінеді. Құран мен Інжіл мейірімділікке шақырады. Үлкен қателерді кешіруге үгіттейді», - деп жазды Олжас Сүлейменов.

Жазушы әулеттің үлкені ретінде Астананың қалалық сотына Мұхитованы қылмыстық немғұрайлығы үшін соттап, бірақ бостандығынан айырмауды сұрап хат жазғанын атап өтті.

«Бүгін өтінішімді қайталап отырмын. Жұбайым мені қолдайды. Қызым Лейла мен басқа туыстарым қиын сәтте көрсеткен мейірімділік адам бойындағы адами қасиеттерді сақтап, игі істер үшін өмірін ұзартатынын уақыт өте түсінеді. Лейла екі қызын тәрбиелеп, жан дүниесін сабаға түсіруі тиіс», - деп жазылыпты хатта.

Ал Малика Мұқитова көзіне жас алып, өз кінәсін мойындайтынын айтып, Сүлейменовқа алғысын білдірді.

«Мен Олжас Сүлейменовке қайырымдылық танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Тағы да оның ата-анасынан кешірім сұраймын», - деді ол.

Айта кетейік, 2018 жылдың 22 маусымда Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында Олжас Сүлейменовтың жиені Ескендірдің мотоциклі жеңіл көлікпен соқтығысқан. Салдарынан 26 жастағы Сүлейменов оқиға орнында көз жұмған.
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.