{metadescription}
Талдықорғанда такси жүргізушісін айуандықпен өлтіріп кетті

Талдықорғанда такси жүргізушісін айуандықпен өлтіріп кетті

Полицейлер куәгерлерді тауып, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға кірісті. 

Талдықорған полицейлері желтоқсанның соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша істі тергеп жатыр. Golf 3 маркалы өртенген көліктің фотосы жергілікті kris_p_tdk паблигінде жарияланып, интернет қолданушылар арасында дүрбелең туғызды Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабында ("Кісі өлтіру") қарастырылған қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлай отырып, қажетті ақпаратты берді.

"Автокөлік 5 қаңтарда табылды. Тексеру кезінде иномарка өткен жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені анықталды. 7 қаңтарда табылған зардап шегушінің мәйітінде зорлықпен өлтірудің айқын белгілері бар", — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талдықорған полицейлері куәгерлерді тауып, осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шараларына жұмылдырылды.   

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.