{metadescription}
Атырауда үш адам жүкті әйелге күш көрсетіп, 23 млн теңгесін алып кетті

Атырауда үш адам жүкті әйелге күш көрсетіп, 23 млн теңгесін алып кетті

8 қаңтарда Атырауда Уәлиханов көшесінің бойындағы «Томирис» тұрғын үй кешенінде жүкті әйелге өз пәтерінде шабуыл жасалып, екі жігіт пен қыз, пәтерінен 23 миллион теңгені алып кеткен.

Алайда қарақшылар алысқа кетпеді, полицейлер із суытпай ұстады, деп жазады Ақ жайық. Зардап шегуші Б.-ның айтуынша, қырсық шалған сол күні ол жұмыстарымен қалаға шықпақ болады. Күндізгі сағат үште подъезде пәтерінің есігін кілттеп жатқан әйелді бетперде киген екі жігіт ұстап алып, жерге құлатқан.

Олар әйелді үйге кері сүйреп кіргізіп, скотчпен аяқ-қолын орап, аузын жапсырып, диванға лақтырады. Әйел сол кезде пәтерге бір қыздың кіргенін байқайды. Қаскөйлер үшеулеп пәтерден әйелдің жаңа баспана сатып алу үшін жинаған 23 миллион теңгеден астам ақшасын тауып алған.

«Олар кеткен бойда босап шығып, балконан айқайлап көмек сұрай бастадым. Біреу «102» нөміріне соқты, дереу полиция жасағы келді. Сол күні қылмыскерлер ұсталып, полиция маған ақшамды қайтарып берді. Әлеуметтік желілерде кейін қылмыскерлерге есікті үш жасар қыз ашыпты деп жазып жатты, бірақ олай емес еді», - дейді «АЖ» тілшісіне зардап шегуші.

Атырау облыстық Полиция департаментіндегілер «Томиристе» қарақшылық шабуыл болғанын растады. Атыраудың үш жас тұрғыны ұсталған. Олар әрі бақылау камерасына түсіп қалған екен. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жүктіліктің 6-айындағы әйел әлі күнге дейін өз өзіне келе алар емес. Осындай стресстен кейін болашақ сәбиінің жағдайын білу үшін УЗИ-ге түспекші.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде