{metadescription}
Жеңіліп көрмеген қазақстандық қос боксшы АҚШ-та жеңіске жетті

Жеңіліп көрмеген қазақстандық қос боксшы АҚШ-та жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіби боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов пен Мадияр Әшкеев Санта-Инестегі (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагимен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы оны екінші раундта нокаутқа түсірген. Бұл оның оныншы айқасындағы оныншы жеңісі. Оның сегізі мерзімінен бұрын аяқталған.

Бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты шоуы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Әшкеевтің жекпе-жегі он раундқа созылды. Нәтижесінде судьялардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті. Бұл оның 11-ші айқасындағы 11-ші жеңісі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде