{metadescription}
Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, 13 қаңтарда бірнеше өңірде бұрқасындатып, қатты жел соғады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстіктен соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, Петропавлда 13 қаңтарда жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел оңтүстіктен 15-20 м/с күтіледі.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысы бойынша да кей жерлерде тұман түседі деп болжанып отыр.

13-15 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. 13 қаңтарда күндіз, 15 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады деп ескертті синоптиктер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде