{metadescription}
Екі жасар бала терең ұңғымаға құлап кетті

Екі жасар бала терең ұңғымаға құлап кетті

Испанияның оңтүстігінде құдыққа құлаған баланы іздестіріп жатыр.

Испанияның оңтүстігінде құтқарушылар тереңдігі 100 метрден асатын және ені 25 сантиметр болатын ұңғымаға құлап кеткен екі жасар баланы іздестіріп жатыр. Баланың тірі не өлі екенін ешкім білмейді. Әзірге құтқарушылар құдыққа түсірілген камера арқылы тереңдігі 78 метрден оның кәмпиттер салынған пакеті мен пластмасса стақанын тапты.

Қайғылы оқиға Малагадан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Тоталан ауылының маңында болған. Жергілікті уақытпен полицияға 14:00-де әкесі баласының құдыққа құлап кеткенін хабарлаған. Құтқару операциясы жүріп жатыр. Олар 2 жасар балаға жетудің, тиімді жолдарын қарастыруда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.