{metadescription}
Қазақстандық есірткі оралған пакетті шекара күзетшісінің алдында жұтып қойған

Қазақстандық есірткі оралған пакетті шекара күзетшісінің алдында жұтып қойған

Шекарада ұсталған жігіт есірткі оралған пакетті жұтып қойды.

«Өткен түнде Петропавл шекара отрядына қарасты «Мамлютка-теміржол» өткізу бөлімшесінде, «Қарағанды - Мәскеу» бағытымен жүретін № 83 пойызды шекаралық тексеруден өткізу барысында шекара жасағы 20 жастағы қазақстандықты ұстады. Шекарашы арнайы үйретілген иісшіл иттің меңзеуімен келіп, оның жол сөмкесін тексере бастаған. Жігіт шекарашыны итеріп жіберіп, сөмкеден кішігірім түйіншекті жұлып алып, лезде жұтып жіберген», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кейін жігіт жұтып қойғаны 5 граммға жуық марихуана екенін мойындаған. Ұсталған қазақстандық Павлодар қаласының наркологиялық диспансеріне жеткізілді. Тексеру барысында, дәрігерлер оның бұдан бұрын да канабиоидтар қабылдағанын дәлелдеді. Қазір тексеру шаралары әрі қарай жалғасуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.