{metadescription}
Шымкентте 9 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Шымкентте 9 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Шымкентте «9 жасар қызды зорлаған» деген күдікпен Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

«ІІМ мен Шымкент қалалық ПД қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында 5 қаңтар күні кәмелет жасына толмаған жасөспірімді зорлады деген күдікті ұсталды. Сезікті Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Шымкент қаласы Полиция департаменті жедел-тергеу тобы қызметкерлері кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзім ішінде қылмыстың ізін суытпай хронологиясын құрып, кінәлі адамның ізіне түскен.

«Ұсталған ер адамның қылмысқа қатысы куәгерлер мен жәбір көрген қыздың жауабымен расталып отыр. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпаратты ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды», — деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте иесіз үйлердің бірінде 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен болатын. Аталған қылмыс жасөспірім қыздың жаттығудан үйіне қайтып келе жатқан сәтінде болған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.