{metadescription}
Риддерде жасөспірімді бетон қирандылары басып қалды

Риддерде жасөспірімді бетон қирандылары басып қалды

Металл жинауға шыққан жас жігіт абайсызда ажал құшты.

Оқиға Риддер қаласында болды. ТЖ мәліметіне сүйенсек, 9 қаңтарда екі жігіт кеңшар маңында темірбетонды құрылымдарды бөлшектеп жүріпті. Кенет ескі плиталар құлап, 16 жастағы жасөспірімді басып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше, бозбала жан тапсырып үлгеріпті. Ал жасөпірімнің денесін қираған бетондардың астынан алып шығу үшін, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келген.

– Оқиға орнына 5 қызметкерден жасақталған құтқарушы топ жіберілді. Мәйітті алып шығу үшін арнайы құрал-жабдықтарды қолдануға тура келді, – деп мәлімдеді Риддер ТЖБ.

Дереккөз: altaynews.kz

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде