{metadescription}
Маңғыстауда екі жігітті атып кетті

Маңғыстауда екі жігітті атып кетті

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында белгісіз біреулер екі ер адамды атып кеткен.

14 қаңтар Мұнайлы ауданында сағат 20.00 шамасында белгісіз біреулер 1990 және 1993 жылы туған екі азаматты атып кеткен.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша Ақтау қаласында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Екі күдікті ұсталды, қалған қатысушылар анықталды, оларды ұстау шаралары қабылданды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендерді ауруханаға әкелгені бейнебақылау таспасына түсіп қалған. Қазір видео әлеуметтік желіге тарап кеткен. Оқиға Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы арасындағы қиылыста орналасқан дүкен маңайында болған. Шұғыл ауруханаға жеткізгенімен, жігіттерді аман алып қалу мүмкін болмады. Әзірге оқиғаның қалай болғаны белгісіз. 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде