{metadescription}
Оқушы қыз телефонын тартып алғаны үшін әкесін полицияға ұстап берді

Оқушы қыз телефонын тартып алғаны үшін әкесін полицияға ұстап берді

АҚШ-тың Огайо штатында 16 жастағы қыз әкесі тәртібінің нашарлығы үшін телефонын тартып алғаннан кейін үйіне полиция шақырды.

Саус Юклид қаласында тұратын оқушы қыз 12 қаңтарда үйіне полиция шақырып, ұялы телефонының ұрланғанын айтқан. Полицейлер үйге келгенде жасөспірім әкесін кінәлап, телефонын ұрлағанын айтып айыптапты. Ер адам тәртіп сақшыларына қызының нашар тәртібі үшін телефонын уақытша тартып алғанын түсіндірді.

Алайда оқушы қыз бұл әрекеттің ұрлық саналатынын, себебі телефонның иесі өзі екенін айтып дауласқан. Өз кезегінде полицейлер жасөспірімге 18 жасқа дейін ата-анасының ақшасына алынған телефонға иелік ету құқық емес, артықшылық екенін айтып түсіндірді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері қызға әкесін тыңдауға кеңес берді. Сондай-ақ, жасөспірімге жалған мәлімет беріп, қоңырау түсіргені үшін айыппұл салынды. Ал әкесіне қарсы іс қозғалған жоқ.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде