{metadescription}
Павлодар облысында шипалы көлдер анықталуда

Павлодар облысында шипалы көлдер анықталуда

Павлодар облысында туризм саласы үшін радон көздерін пайдалану көзделіп отыр.

 Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген аппараттық жиында өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Дастан  Рыспеков мәлім етті.

«Туризм саласы үшін серпін беретін тың жобалардың бірі - радон көздері», - дейді Дастан  Рыспеков.

«Алматы облысы Ұйғыр ауданының  Шонжы кентінде орналасқан  радон көздерінің аналогы бойынша минералды суды пайдалану адам ағзасына оң  әсер етеді. Осы жоба аясында қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне ыстық көздердің бар-жоғын анықтау бойынша хат жолданған. Нәтижесінде Железин ауданының Михайловск ауылындағы Чалдук көлінде және Успен ауданының Темирязево ауылында бар болып шықты. Басқарма басшысы Железин ауданында өздігінен ағып жатқан ұңғыма  ауданның Әділет басқармасында 2018 жылы 31 желтоқсанда иесіз ретінде тіркелгенін атап өтті. -  Бұл көл географиялық картада көрсетілмеген», - дейді Дастан  Рыспеков.

Бір жыл өткеннен кейін меншік иесі жоқ деп тану үшін құжаттар сотқа жіберіледі. Бұл көздер емдік-сауықтыру туризмі үшін жаңа бағыт болады.  Осы бағытта орынды анықтау, көлдің температурасы мен емдік қасиеті туралы ақпарат жинау,  зерттеу жүргізу бойынша жұмыс жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, жер қойнауынан 37 градус болып шығатын судың адам ағзасына берер пайдасы мол. Түрлі бөртпелер мен қышыма ауруларға, буын, созылмалы, қан қысымының көтерілуін   емдейді.  

Дереккөз: inform.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде