{metadescription}
Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды тоқтатты

Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды тоқтатты

Оған профилактикалық жұмыстар себеп.

Теле және радиоарналар сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін хабар таратпайды. "Қазтелерадио" компаниясының баспасөз қызметі профилактикалық жұмыстың жүргізілетіні туралы хабарлады.

 «16 қаңтарда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17: 00-ге дейін эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желісінде жоспарлы- профилактикалық жұмыстары және жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізілетін болады», – делінеді хабарламада.

Компания сайтында жарияланған кесте бойынша, профилактикалық жұмыс 2019 жылы сәуір, шілде және қазан айларында да болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде