{metadescription}
Астанада ер адам өзін үй шатырынан тастап жібермек болды

Астанада ер адам өзін үй шатырынан тастап жібермек болды

Астанада ер адам зәулім үйлердің бірінен өзін тасап жібермек болды.

Бұны аңғарған өткен-кеткендер 2 сағат бойы жігітті райынан қайтаруға тырысты. Тұрғындардың бірі түсірген видео Instagram әлеуметтік желіде жарияланды.

Оқиға Астанадағы Иманов-Жұбанов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған. Видеоға түсіріп тұрған жігіт «Керек емес, секірме. Одан да сөйлесейік» деп барынша жалынышты дауыспен шатыр үстіндегі адамды көндіруге тырысқаны анық көрінеді. «Сенің балаларың бар ма? Не болды? Не істегің келеді? Келші, сөйлесейікші», - деп ер адам өзін өлтірмекші болған кісіні 2 сағат бойы райынан қайтаруға тырысып, түсіріп алғанын айтады. Кейін көмектесу үшін полиция қызметкерлері келіп, әлгі ер адамды бөлімшеге алып кеткен. 

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде