{metadescription}
Оралда жол апатынан екі адам жарақат алды

Оралда жол апатынан екі адам жарақат алды

Оралда жеңіл көлік пен «КамАЗ» соқтығысты.

Оқиға кеше кешкісін Конкин көшесі бойында болды. «ВАЗ-2110» бен «КамАЗ» автокөлігі түйіскен. Автокөлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні құтқарушылардың шығарып алуына тура келді. Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, жедел құтқару жасағына шақырту сағат 20.02-де түскен. Құтқарушылар 20-15-те жетіп, 20-31-де жұмыстарын аяқтаған. Оқиға орнына 10 құтқарушы мен екі техника жіберілген.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сағат 19.59-да жедел жәрдемге қоңырау шалынған. Екі бригада алты минуттан кейін жеткен. Жарақат алған 1992 және 1994 жылғы екі ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайлары тұрақты.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде