{metadescription}
Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты

Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты

17 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де шықты. Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында төрағалық етуші судья Кеңшілік Әбділдинов Нұралы Қиясовты 18 жылға, Арман Құдайбергеновті 18 жылға, ал аяғы ауыр Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Құдайбергенов ұрлық, қарақшылық жасады және адам өлтірді деп айыпталса, Қиясов қарақшылық пен адам өлтірді деп айыпталып отыр. Ал Толыбаева ұрлық және қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталып жатыр. Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда Денис Тен пышақ жарақатынан қаза таптқан болатын. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.