{metadescription}
Полиция академиясындағы жарылыстан 8 адам қаза тапты

Полиция академиясындағы жарылыстан 8 адам қаза тапты

Колумбияда Богота қаласындағы полиция мектебінде жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан кем дегенде сегіз адам қайтыс болған. El Tiempo газетінің жазуынша, оқиға бейсенбі күні таңертең  қаланың оңтүстік бөлігінде болған. Жарылғыш заттарға толы көлік Колумбия ұлттық полиция академиясы ғимаратының қабырғасына соқтығысқан.

Жергілікті биліктің дерегі бойынша, тағы 38 адам жарақат алған. Олар таяу жердегі ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әзірге белгісіз. Билік тергеуді бастады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде