{metadescription}
Ақмола облысында әкім мен орынбасары 3 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

Ақмола облысында әкім мен орынбасары 3 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин мен оның орынбасары ұсталды.

17 қаңтар күні сағат 18:30-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин және оның орынбасары Екілас Мұқашевті әкімдік ғимаратында 3 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстады.

Бұл фактіні Ақмола облысы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы да растап отыр. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, Мереке Мұстафин 2017 жылы 20 желтоқсанда Зеренді ауданының әкімі боп тағайындалған. 

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.