{metadescription}
Абақтыда 70 жастағы әже өзіне қол салмақ болған

Абақтыда 70 жастағы әже өзіне қол салмақ болған

Тәжікстан солтүстігіндегі Айнин ауданында 70 жастағы әже жергілікті абақтыда өзіне қол салмақ болған.

Истад Курбонова жерді тартып алып, заңсыз құрылыс жүргізді деген күдікпен ұсталған. Әйелдің өзі жер учаскесін Совет заманында заңды түрде алғанын айтады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Истад Курбонова аудандық ауруханаға жеткізілгенін, өзіне ыстық су құйып жібергенін айтады. Адвокат Дилбара Мирзофотирова Курбанова шын мәнінде өзін өртемек болған дейді. Бұл болжамды айыпталушының ұлы Парвиз Бобоев та растайды.

«Анамды абақтыдан ауруханаға жеткізген кезде, оның иық тұсының оттан күйгенін көріп қалдым», - дейді ұлы.

Жергілікті прокурор Бехруз Абдумаджидзода Истад Курбонованың басып алған жер учаскесіне қойма мен монша салғанын айтады.

«Ол біздің шақыртуымызға құлақ аспағаннан кейін, ұсталды», - дейді Абдумаджидзода.

Курбонованың туыстарының айтуынша, адвокаттың сұрауы бойынша әжейді тергеу ісі аяқталғанша босатқан.

«Бірақ милиция қызметкерлері оның тергеу абақтысында қалуын талап етіп тұрып алды», - дейді Парвиз Бобоев.

Оның сөзінше, анасы қант диабетіне шалдыққан, қан қысымы жоғары. «Анамның өзіне қол жұмсауы милиция қызметкерлеріне деген қарсылығы»,- деп есептейді Парвиз. Истад Курбонованың ісіне қатысты сот процесі 18 қаңтарда басталады.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде