{metadescription}
БҚО-да әйел 3 жасар қызды аяусыз сабап тастаған

БҚО-да әйел 3 жасар қызды аяусыз сабап тастаған

БҚО-да әйел 3 жасар қызды сабап, ауруханадан бір-ақ шығарды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 2016 жылғы қыз бала Қазталов ауданынан облыстық ауруханаға 14 қаңтар күні түскен. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

 «1985 жылғы әйел 2016 жылғы сәбидің денесін жарақаттаған. Қазір ҚР ҚК 106-бабы 2-тармағына (Кәмелет жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар қыз баланың жағдайын айта кетті. 

«Қазір ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты. Нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда», - деді А.Сақпосынова.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде