{metadescription}
Ақтауда ер адам бөтелкелесін өлтіріп тастады

Ақтауда ер адам бөтелкелесін өлтіріп тастады

Ақтауда мас ер адам бөтелкелесін өлтіріп қойды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметі.

Ақтау тұрғыны А өзімен бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырған бөтелкелесімен кикілжіңге келіп қалған. Артынша Ж есімді танысының бірнеше жеріне пышақ сұққан. Мас болып қалған ер адам танысын өлтіріп қойғанын өзі аңғармай қалған. Оны полиция бірден ұстай алды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындаған.

«Жәбірленуші алған пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Күдікті А «Кісі өлтіру» бабы бойынша өз жазасын өтейтін болады», – деп хабарланды сотта.

Күдікті А 10 жылға бас бостандығынан айрылды.   

Дереккөз: sn.kz

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде